Қаратеңіз шай экспорты еселеп артты

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Түркиядан 10 айда 110 елге шай сатылғанын айтты.

1907632
Қаратеңіз шай экспорты еселеп артты

Түркиядан жылдың қаңтар-қазан кезеңінде шай экспорты 25 пайыз артып, 18 миллион 26 мың 999 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Түркиядан 10 айда 110 елге шай сатылғанын айтты.

Гүрдоған 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 5 мың 246 тонна шай экспортталып, 18 миллион 26 мың 999 доллар кіріс кіргенін білдірді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 3 мың 882 тонна шай экспортынан 14 миллион 424 мың 720 доллар кіріс кіргенін айтқан Гүрдоған:

"Шай экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 35 пайыз, құндылығы жағынан 25 пайыз өсті. Бельгия, Ұлыбритания және Германия ең көп экспорт жасаған 3 ел болды. Бұл кезеңде Бельгияға 4 миллион 51 мың 90 долларлық экспортпен алғашқы орынды иеледі.

Ұлыбританияға 2 миллион 498 мың 973 долларлық, Германияға 1 миллион 925 мың 873 долларлық шай экспортталды» деді.

Экспорттың артуымен қатар елдердің де көбейгеніне назар аударған Гүрдоған шайдың осы кезеңде Конго, Йемен, Колумбия, Эстония және Боливияға да сатылғанын хабарлады.

Гүрдоған экспорттың артуы қуанышқа бөлегенін білдіріп, ағымдағы жылдың шай экспортында тіпті жақсы көрсеткіштермен аяқтайтынына сенетінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар