Ресей экономикасында рецессия тіркелді

Росстат биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы жалпы ішкі өнім деректерін жариялады.

1907279
Ресей экономикасында рецессия тіркелді

Ресей экономикасы биылғы жылдың үшінші тоқсанында рецессияға түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға кішірейді.

Ресейдің Федералдық статистикалық институты (Росстат) биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы жалпы ішкі өнім деректерін жариялады.

Осыған сәйкес биылғы жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыз кішірейген Ресей экономикасы үшінші тоқсанда 4 пайыз тарылды. Осылайша Ресей экономикасы екі тоқсан қатарынан кішірейіп, рецессияға түсті.

Ресей Экономикалық даму министрлігі ел экономикасы биыл 2,9 пайызға қысқарады деп есептесе, Ресейдің Орталық банкі экономика 3-3,5 пайызға қысқарады деп болжайды.

Батыс елдері Украинада 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан соғысқа байланысты Ресейге, әсіресе энергетика және қаржы секторына жаппай санкциялар қолданып отыр.



Ұқсас жаңалықтар