Балкан елдеріне экспорт артты

Балқан елдері арасында ең жоғары экспорт 5 миллиард 229 миллион доллармен Румынияға жасалды.

1907088
Балкан елдеріне экспорт артты

Балқан елдеріне экспорт ағымдағы жылдың 10 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21.8 пайыдық артумен 17 миллиард 286 миллион долларға жетті.

Түркия Экспортшылар одағының деректерінен жиналған мәліметке қарағанда жылдың 10 айында Албания, Босния-Герцеговина, Болгария, Хорватия, Черногория, Косово, Солтүстік Македония, Румыния, Сербия, Словения және Грекияны қамтыған Балқан географиясына 17 миллиард 286 миллион доллар экспорт жасалды. 

Бұл көрсеткіш өткен жылдың  ұқсас кезеңінде 14 миллиард 188 миллион доллар деңгейінде болатын, Балқан географиясына экспорт бір жылдық процесте 21.8 пайыз өсті.

Аталған кезеңде Балқан елдері арасында ең жоғары экспорт 5 миллиард 229 миллион доллармен Румынияға жасалды.

Румыниядан кейінгі орынды 3 миллиард 763 миллион доллармен Болгария иеледі.

2 миллиард 385 миллион доллармен Грекия үшінші, 1 миллиард 434 миллион доллармен Сербия төртінші, 1 миллиард 366 миллион доллармен Словения бесінші болды.

Осы кезеңде Албанияға 836 миллион 630 мың доллар, Босния-Герцеговинаға 602 миллион 474 мың доллар, Солтүстік Македонияға 537 миллион 756 мың доллар, Косовоға 520 миллион 382 мың доллар, Хорватияға 482 миллион 64 мың доллар, Черногорияға 122 мың доллар мөлшерінде  экспорт жасалды.



Ұқсас жаңалықтар