Швеция газеті "Togg" көлігін мақтады

Гемлик кампусында 2030 жылға дейін 1 миллион "Togg" көлігін өндіру жоспарланғаны білдірілді.

1904425
Швеция газеті "Togg" көлігін мақтады

Әлемдегі ең үлкен автомобиль маркасынан бірінің негізі болып табылатын Швеция Түркияның отандық және электрлі көлігі "Togg" туралы мәлімдеген.

Швецияның "Expressen газеті" технология орталығы ретінде жобаланған Гемлик кампусы мен "Togg"  көлігін газет беттеріне шығарды.

Газет "Togg" көлігінің Еуропаға бет бұрғанын және көлік Түркияда сатыла бастағаннан кейін шамамен 15-18 айдан кейін Еуропаға экспорттала бастауы мүмкін екенін жазды.

Мақалада түрік автомобиль өнеркәсібінің өндіріс орындарымен әлемдегі ең мықтылардың бірі екені еске салынды.

Мақалада президент Режеп Тайып Ердоған «Гемлик зауыты толық қуатына жеткенде мұнда жылына 175 мың көлік өндіріледі. Шамамен 4 мың 300 адам тікелей, 20 мың адам жанама түрде жұмыспен қамдалады» деген мәлімдемесі де қамтылды.

Гемлик кампусында 2030 жылға дейін 1 миллион "Togg" көлігін өндіру жоспарланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар