Ресейдің табиғи газ экспорты азайды

Газпром мәлімдеме жасалды.

1900579
Ресейдің табиғи газ экспорты азайды

Газпром қаңтар-қазан кезеңінде табиғи газ экспортының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 пайыз, өндірістің 18,6 пайызға азайғанын хабарлады.

Ресейлік энергетикалық компания жасаған мәлімдемеге қарағанда компанияның табиғи газ өндірісі жылдың 10 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға азайып, 344 миллиард текше метрге жетті.

Аталған кезеңде компанияның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) тыс елдерге табиғи газ экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 пайызға азайып, 91,2 миллиард текше метрді құрады.

Мәлімдемеде «Сібір қуаты» құбыры арқылы Қытайға газ жөнелтілімдерінің арта түскені және тасымалдаудың келісім-шарттық міндеттемелерден жоғары орындалғаны атап өтілді.

Әлемдік табиғи газ сұранысының жылдың 10 айында 40 миллиард текше метрден астам азайғаны, Еуропа Одағы мен Англияның 40 миллиард текше метрмен жаһандық сұраныс азаюында 95 пайыздық үлеске ие екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар