«Sunrays» яхтасы Фетхие қаласына келді
9 ерекше қамдалған сапалы бөлмесінде 12 қонақты қабылдай алатын люкс яхтада 27 адамнан тұратын экипаж бар.

Әлемдегі ең үлкен яхталардың бірі «Sunrays» Мугладағы Фетхие қаласына келді.
Фетхие айлағындағы жағажайға келіп тоқтаған ұзындығы 86 метр және ені 14 метрлік Кайман аралдары жалауы бар керемет мега яхтаға Алиаға мұнай өңдеу зауытынан танкермен әкелінген жанармай құйылды.
2010 жылы Голландияда жасалған яхтада би алаңы, сұлулық салоны, спа, лифт, су астындағы шамдар, жағажай клубы және спорт залы сияқты көптеген сәнді жабдықтар бар.
9 ерекше қамдалған сапалы бөлмесінде 12 қонақты қабылдай алатын люкс яхтада 27 адамнан тұратын экипаж бар.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға ең көп турист Германиядан келді
Ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Германия 5 миллион 679 мың 194 адаммен бірінші орында.

Түркияның цитрус жеміс экспорты артты
Түркиядан Ресейге цитрус экспорты соңғы 5 жылда үздіксіз өсті.