"Mercedes-Benz" Ресей нарқынан шегінді

"Mercedes-Benz" компаниясы Ресейдегі өндірісін наурыз айында тоқтатты.

1898031
"Mercedes-Benz" Ресей нарқынан шегінді

Неміс автокөлік компаниясы "Mercedes-Benz" Ресей нарығынан толығымен шегінеді.

Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Mercedes-Benz" компаниясының Ресейдегі барлық активтерін ресейлік "Автодом" компаниясына өткізіп беру туралы келісімге қол қойылғаны білдірілді.

"Mercedes-Benz" компаниясы Ресейдегі өндірісін наурыз айында тоқтатты.

Бас кеңсесі Ресейде орналасқан Еуропалық Бизнес қауымдастығының  мәліметтеріне сәйкес елдегі Mercedes маркалы автокөліктердің сатылымы қыркүйек айында өткен жылдың ұқсас  кезеңімен салыстырғанда 72.8 пайыз төмендеді.

Ресейде бұрын "Renault" және "Nissan" компанияларының активтері Ресей үкіметіне берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар