«Mein Schiff 5» круиздік кемесі Мармариске келді

Миконос портынан кейін Мармариске бағыт алған ұзындығы 295 метрлік алып кеме Мармарис круиз портының үлкен кемежайына келіп тоқтады.

1897012
«Mein Schiff 5» круиздік кемесі Мармариске келді

Мальта жалауы бар «Mein Schiff 5» круиздік кемесі Мугланың Мармарис ауданына келді.

Миконос портынан кейін Мармариске бағыт алған ұзындығы 295 метрлік алып кеме Мармарис круиз портының үлкен кемежайына келіп тоқтады.

Кемеде көпшілігі немістер 2 мың 549 жолаушы мен 900 экипаж болғаны білдірілді.

Кедендік рәсімдеуден кейін кемеден шыққан туристер Мармарис базары, Калейчи және Яхтинг аймақтарын аралап, тарихи және туристік жерлерді тамашалады.

Кейбір туристер Далянға саяхатқа шықса, енді біреулері велосипедтерімен қала ішін аралады.

Кеме одан кейін Афина портына аттанатыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар