Түркияның кептірілген жеміс-жидек экспорты артты

Түркияның кептірілген жеміс-жидек және көкөніс өнімдерэкспорты 1 миллиард 82 миллион 384 мың долларға көтерілді.

1896745
Түркияның кептірілген жеміс-жидек экспорты артты

Түрік кептірілген жеміс-жидек және көкөніс өнімдер секторы жылдың 9 айында Еуропа елдеріне 1 миллиард 82 миллион 384 мың долларлық экспорт жасады.  

Оңтүстік-Шығыс Анадолы экспортшылар одағының  деректеріне қарағанда, сектор экспорттаушылары жылдың 9 айында 153 елге 345 мың 377 тонна өнім жөнелтті.

Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда экспортын 5,2 пайызға арттырған кептірілген жемістер мен өнімдерді экспорттаушылар 1 миллиард 82 миллион 384 мың доллар кіріс түсірді.

Сектор ең көп ретімін 309 миллион 981 мың доллармен ұрықсыз мейізден, 256 миллион 732 мың доллармен кептірілген өріктен және 145 миллион 958 мың доллармен Антеп жер жаңғағынан кіріс түсірді.

Түрік кептірілген жеміс-жидек және көкөніс өнімдер секторы 435 миллион 247 мың доллар және 40,2 пайыздық үлеспен Еуропа елдеріне ең көп өнім жіберді.

Германия 138 миллион 847 мың доллармен ең көп экспорт жасаған ел болды.

Германиядан кейін 110 миллион 389 мың доллармен Англия, 83 миллион 930 мың доллармен АҚШ, 77 миллион 554 мың доллармен Италия және 64 миллион 220 мың доллармен Франция тұр.



Ұқсас жаңалықтар