Түркиядан 100 елге жержаңғағы экспортталды

Түркияның жержаңғағы экспортында Италия бірінші орынды иеледі.

1891926
Түркиядан 100 елге жержаңғағы экспортталды

Жылдың алғашқы 9 айында Түркиядан 100 елге жержаңғағы экспорты 145 миллион 958 мың доллардан асты.

Оңтүстік-шығыс Анадолы Экспортшылар қауымдастығының деректерінен жиналған ақпаратқа қарағанда 2021 жылы 110 елге 209 миллион 686 мың долларлық жержаңғағы экспортталғаны білдірілді.

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12 мың 319 тонна өнім экпортынан 129 миллион 816 мың доллар кіріс кірді. Биылғы жылдың осы кезеңінде 100 елге жасалған экспорт құны жағынан 12 пайыздық артумен 145 миллион 958 мың долларға жетті.

Жылдың үшінші тоқсанында Ирак, Грузия, Голландия, Алжир, Малайзия, Жапония, Марокко, Франция, Оман, Дубай, Бельгия, Испания, Австрия және Ресей сияқты 100 елге 15 мың 941 тонна жержаңғағы экспортталды.

Түркияның жержаңғағы экспортында Италия бірінші орынды иеледі.

Италияға 31 миллион 400 мың долларлық жержаңғағы жөнелтілді.

Италиядан кейін 22 миллион 213 мың доллар табыспен Германия екінші және 13 миллион 353 мың доллар табыспен Қырғызстан үшінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар