Түрік шайы ең көп Бельгияға экспортталды

Түркияның шай экспортында 3 миллион 921 мың 198 доллармен Бельгия бірінші орында тұр.

1891299
Түрік шайы ең көп Бельгияға экспортталды

Түрік шайы 9 айда ең көп Бельгияға экспортталды.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының  деректеріне қарағанда Түркиядан қаңтар-қыркүйек аралығында 106 елге, автономиялық аймақтарға және еркін аймақтарға 4 мың 870 тонна шай жөнелтілді. Аталмыш экспорттан 16 миллион 595 мың 194 доллар кіріс түсті.

Осыған сәйкес 9 айлық шай экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 42 пайыз, құндық жағынан 26 пайыз өсті.

Түркияның шай экспортында 3 миллион 921 мың 198 доллармен Бельгия бірінші орында тұр. Бұл елге 1088 тонна шай экспортталған.

Бельгиядан кейін 2 миллион 238 мың 990 доллар экспортпен Ұлыбритания және 1 миллион 865 мың 77 доллар экспортпен Германия орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар