"Nissan" байлығын Ресейге өткізіп берді
"Nissan" компаниясының Ресейдегі барлық мал-мүлкін Ресей үкіметіне өткізіп беру туралы келісімге қол қойылғаны білдірілді.
Жапондық "Nissan" автомобиль компаниясының Ресейдегі барлық активтері Ресей мемлекетіне өткізіп берілді.
Ресей Өнеркәсіп және Сауда министрлігі жасаған мәлімдемеде "Nissan" компаниясының Ресейдегі барлық мал-мүлкін Ресей үкіметіне өткізіп беру туралы келісімге қол қойылғаны білдірілді.
Келісімге сәйкес "Nissan-ның" Ресейдегі барлық үлесі ресейлік "NAMI" мемлекеттік институтының меншігінде болатыны және компанияның 6 жыл ішінде берілген активтерді қайтарып алуға құқығы бар екені атап өтілді.
Ресейдің Өнеркәсіп және Сауда министрі Денис Мантуров ресейлік "Автоваз" компаниясы Ресейдегі "Nissan" көліктерінің сатылымнан кейінгі қызметтеріне де жауап беретінін мәлімдеді.
"Nissan" санкцияларға байланысты 14 наурызда Ресейдегі зауытында өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Ресейде француз көлік өндірушісі "Renault" компаниясының активтерін де Ресей үкіметіне өткізіп берген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия экспорты қаңтар айында да өсті
Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында экспорттымыз өсті» деді.

Түркияға ең көп турист Германиядан келді
Ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Германия 5 миллион 679 мың 194 адаммен бірінші орында.