Ауыл шаруашылығы өнімдері еселеп артты

Ауыл шаруашылық өнімдері экспортталатын елдер арасында Ирак пен Германия бірінші орынға шықты.

1888945
Ауыл шаруашылығы өнімдері еселеп артты

Өндірістік әлеуетімен әлемде ауыл шаруашылығы саудасында маңызды орынға ие болған Түркия жылдың алғашқы 9 айында 24.5 миллиард долларлық экспортпен бұл салада рекорд жаратты.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейін қалыпқа келу арқылы экспорттағы табысын арттырған Түркия ай сайын рекордтарына жаңасын қосып келеді. 

Түркия Экспортшылар одағының деректеріне қарағанда Түркияның экспорты биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде 17 пайыз артып, 188 миллиард 224 миллион долларға жетті.

Түркия осы салада жылдың алғашқы 9 айында 24.5 миллиард долларлық экспорт жасады.

Ауыл шаруашылығы секторы осылайша барлық уақыттағы қаңтар-қыркүйек кезеңіндегі ең жоғары экспортқа қол жеткізді.

Түркияның ауыл шаруашылығы экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18.6 пайыз өссе, жалпы экспорттан 14.5 пайыздық үлес алды.

Ауыл шаруашылығы тобында экспортта рекордтар жаңартқан секторлар дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар мен өнімдері, жеміс-көкөніс өнімдері, кептірілген жемістер мен өнімдері, су өнімдері және жануарлардан алынатын өнімдер, жиһаз, қағаз және орман өнімдері болды.

Ауыл шаруашылық өнімдері экспортталатын елдер арасында Ирак пен Германия бірінші орынға шықты.



Ұқсас жаңалықтар