ТИКА Ливанға күн жүйесі жағынан қолдау көрсетті

ТИКА Ливанның Аккар провинциясында 4 ауылға күн энергиясы жүйесімен қолдау көрсетті.

1888478
ТИКА Ливанға күн жүйесі жағынан қолдау көрсетті

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Ливанның Аккар провинциясында 4 ауылға күн энергиясы жүйесі арқылы қолдау көрсетті.

ТИКА-ның Саадине мен Минчез, сонымен қатар Кавашра және Айдамон түрікмен ауылдарындағы күн энергиясы жобасының ашылу рәсіміне жоғарғы лауазым иелері мен жұртшылық қатысты.

Мұнда Түркияның Ливандағы елшісі Али Барыш Улусой мәлімдеме жасады.

Али Барыш Улусой «Ливанда шарықтау шегіне жеткен электр қуаты тапшылығын жеңілдетуге бағытталған ТИКА-ның кейбір жобаларының ашылу рәсіміне қатыстық. Осы шеңберде ТИКА әсіресе елдегі электр қуатының шектеулі мүмкіндіктері мен жанармай бағасының өсуіне байланысты күн энергиясына қатысты кейбір жобаларға қолдау көрсете бастады» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар