Эспорт тамызда да еселеп артты

Тамыз айында Германия 1 миллиард 664 миллион доллармен экспортта бірінші орынды иеленді.

1886834
Эспорт тамызда да еселеп артты

Түркияның экспорты тамыз айында өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 13.1 пайыз артып, 21 миллиард 337 миллион долларға, импорты 40.4 пайыз артумен 32 миллиард 531 миллион долларға жетті.

Түркия Статистика институты мен Сауда министрлігімен бірлесіп жасалған тамыз айының уақытша сыртқы сауда деректері жарияланды.

Осыған сәйкес Жалпы Сауда жүйесі аясында экспорт өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 13.1 пайызға артумен 21 миллиард 337 миллион долларға, импорт 40.4 пайызға артып, 32 миллиард 531 миллион долларға жетті.

Тамыз айында Германия 1 миллиард 664 миллион доллармен экспортта бірінші орынды иеленді.
Бұл елден кейін 1 миллиард 483 миллион доллармен Америка Құрама Штаттары екінші, 1 миллиард 258 миллион доллармен Ирак үшінші, 1 миллиард 104 миллион доллармен Ұлыбритания төртінші, 949 миллион доллармен Ресей бесінші орынды иеледі. 
Тамыз айында алғашқы 5 елге экспорт жалпы экспорттың 30.3 пайызын құрады.



Ұқсас жаңалықтар