«Астория Гранде» кемесі Амасраға келді

«Астория Гранде» 3 тамызда 350 жолаушымен және 14 қыркүйекте 779 жолаушымен Амасраға келген болатын.

1885710
«Астория Гранде» кемесі Амасраға келді
astoria grande kruvaziyeri amasra'ya geldi.jpg
astoria grande kruvaziyeri amasra'ya geldi.jpg
astoria grande kruvaziyeri amasra'ya geldi.jpg

Ресейдің Сочи қаласынан аттанған және 843 ресейлік туристі тасымалдаған «Астория Гранде» круиздік кемесі Амасра портына үшінші рет келіп тоқтады.

Стамбулдан кейін Амасра портына келген 470 экипажы бар Панама жалауын ілген кеменің жолаушыларын қаланың әкімі Режаи Чакыр және басқа қатысты тұлғалар қарсы алды.

Туристер тіркеу жұмыстарынан кейін порттан шыға берісте берілген орыс тілінде жазылған кітапшалармен аудандағы тарихи және туристік орындарды тамашалауға аттанды.

Чекижилер базары, Үлкен кемежай, Амасра қамалы, Кемере көпірінде уақыт өткізген туристер естелікке суретке түсті.

«Астория Гранде» 3 тамызда 350 жолаушымен және 14 қыркүйекте 779 жолаушымен Амасраға келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар