Түркияның банан өндірісі артты

Соңғы 5 жылда 139.4 пайызға артқан бананның көбі Мерсінде өндірілді.

1884430
Түркияның банан өндірісі  артты

Түркияның банан өндірісі 5 жылда 139.4 пайызға артты.

Түркия Статистика институтының мәліметтеріне қарағанда 2017-2021 жылдар аралығында банан өндірісінің көлемі мен өнім мөлшері тұрақты түрде өскені білдірілді.

Соңғы 5 жылда 139.4 пайызға артқан банан өндірісінің жартысынан көбі Мерсінде жүзеге асты.

Өткен жылы қалада 455 мың тоннаға жуық өнім өндірілді. Анталия аталған кезеңде шамамен 376 мың тоннамен екінші орынды иеледі.

Адана, Хатай және Мугла да банан өндірісінде назар аударған аймақтар арасына кірді.

Өндіріс көлемінің ұлғаюымен банан экспорты артып, импорт көрсеткіші төмендеді.
Соңғы 5 жылда 455.5 тонна банан экспортынан 450.9 мың доллар кіріс кірді.

Түркияның былтырғы банан экспортында Сирия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Грузия көзге түскен елдер болды.



Ұқсас жаңалықтар