Бодрумға үлкен кеме келді

Багам жалауы бар 144 метрлік круиз кемесіндегі 217 жолаушы мен 200 қызметкердің көбісі американдықтар екені білдірілді.

1885136
Бодрумға үлкен кеме келді

Багам жалауы бар «Star Legend» круиздік кемесі Мугланың Бодрум ауданына келіп тоқтады.

Грекияның Санторини портынан келген және Бодрум круиз порты айлағына тоқтаған Багам жалауы бар 144 метрлік круиз кемесіндегі 217 жолаушы мен 200 қызметкердің көбісі американдықтар екені білдірілді.

Кедендік рәсімдерден кейін туристер кемеден түсіп, қаланы аралады.

Пашатарласы мен Кумбахче жағажайлары және Жумхуриет көшесін аралаған туристер базардан сауда жасады.

Жолаушылардың кейбірі де теңізде жүзіп, күнге қыздырынды.

 



Ұқсас жаңалықтар