Түркияға туристер ағылып жатыр

Түркия жылдың алғашқы 8 айында 32 миллион 500 мың 190 қонақты қабылдады.

1883755
Түркияға туристер ағылып жатыр

Түркияға келген шетелдік турист саны жылдың алғашқы 8 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 108.48 пайыз артып, 29 миллион 334 мың 652 кісіге жетті.

Мәдениет және Туризм министрлігі қаңтар-тамыз айларындағы елімізге келушілер саны туралы мәліметтермен бөлісті.

Осыған сәйкес Түркия жылдың алғашқы 8 айында 32 миллион 500 мың 190 қонақты қабылдады.

Шетелдік туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108.48 пайыздық артумен 29 миллион 334 мың 652-ге көбейді.

Түркияға ең көп турист жіберген елдер қатарында Германия 105.73 пайыз артып, 3 миллион 850 мың 816 адаммен бірінші орында тұр.

Ресей 22.8 пайыздық өсіммен 3 миллион 3 мың 836 адаммен екінші, Англия 2 мың 120.57 пайыздық артып, 2 миллион 360 мың 404 адаммен үшінші болды. Ұлыбританиядан кейін Болгария мен Иран тіркелді.

Тамыз айында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 52.32 пайыз артып, 6 миллион 304 мың 443 кісіге жетті.

Тек тамыз айында ең көп турист 858 мың 265 адаммен Германиядан, 806 мың 505 адаммен Ресейден, 550 мың 156 адаммен Англиядан, Болгария мен Ираннан келген.



Ұқсас жаңалықтар