Гөбеклитепені 8 айында 495 725 адам аралады

Гөбеклитепе 2021 жылы 567 мың туриспен өз рекордын жаңартты.

1883892
Гөбеклитепені 8 айында 495 725 адам аралады

12 мың жылдық тарихы бар Шанлыурфада «тарихтың нөлдік нүктесі» ретінде сипатталған және Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) Әлемідік Мұралар тізіміне енген Гөбеклитепені жылдың алғашқы 8 айында 495 мың 725 адам аралады. 

2018 жылы туризм қызметі дамытылған Гөбеклитепе 2019 жылды президент Режеп Тайып Ердоғанның «Гөбеклитепе жылы» деп жариялауымен сол жылы 412 мың 378 туриспен маңызды санға қол жеткізді.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне байланысты 197 мың 912 адам келсе, 2020 жылдан кейін қайта аттаныс жасай бастаған Гөбеклитепе 2021 жылы пандемияға байланысты алғашқы 5 айда жабық болғанына қарамай 567 мың туриспен өз рекордын жаңартты. 



Ұқсас жаңалықтар