Тұтынушы сенім индексі өсті
Тамызда 72.2-ге жеткен индекс қыркүйекте 72.4 ұпаймен тіркелді.
Тұтынушылардың сенім индексі қыркүйекте бір айлық өреде 0.3 пайызға өсіп, 72.4-ке жетті.
Түркия Статистика Институты қыркүйек айындағы тұтынушылар сенім индексі деректерін жариялады.
Осыған сәйкес Түркия Статистика Институты Түркия Республикасының Орталық банкiмен бiрлесiп жүргiзiлген «Тұтынушылар беталысы сауалнамасы» нәтижелерi бойынша есептелген маусымдық тұтынушылар сенiм индексi қыркүйекте бір айлық өреде 0.3 пайызға өсті. Тамызда 72.2-ге жеткен индекс қыркүйекте 72.4 ұпаймен тіркелді.
Алдағы 12 айда ұзақ мерзімде тұтыну өнімдеріне жұмсалатын қаржыны ойлау индексі тамыздағы 89.8-ден қыркүйекте 1.3 пайыздық өсіммен 91-ге көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар
«Fitch Ratings» Түркияның биылғы өсу болжамын 2,8 пайызға арттырды
«Fitch Ratings» жаһандық экономикалық болжам есебінің наурыз айындағы санын жариялады.