Fitch ұйымы Түркия экономикасына оң баға берді
Рапортта түрік экономикасының биыл 5,2 пайыз, 2023 және 2024 жылдары 2,9 пайыз өсетіні атап өтілді.

Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымы "Fitch Ratings" жаһандық экономиканың 2022 өсу болжамын төмендетсе, Түркияның өсу болжамын жоғарылатты.
Fitch ұйымы өзінің жаһандық экономикалық болжам рапортының қыркүйек айындағы санын жариялады.
Рапортта Еуропадағы газ дағдарысы, жоғары инфляция және жаһандық ақша-несие саясатындағы қатаңдатудың күрт үдеуі экономикалық үміттерге ауыр соққы бергені атап өтілді.
Жаһандық экономиканың өсу болжамы төмендетілген рапортта әлемдік экономиканың биыл жылы 2,4 пайыз, 2023 жылы 1,7 пайыз, 2024 жылы 2,8 пайыз өсетіні хабарланды.
Рапортта түрік экономикасының биыл 5,2 пайыз, 2023 және 2024 жылдары 2,9 пайыз өсетіні атап өтілді.
Fitch маусым айындағы болжамдарында Түркияның биыл 4,5 пайыз, 2023 жылы 3 пайыз және 2024 жылы 2,9 пайыз өсетінін болжаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Түрік қорғаныс өнеркәсібі Қытай баспасөзінде орын алды
Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің экспорттағы табысы әлем күн тәртібінде.