Тамыз айы экспорты

Ең жоғары экспорт көрсеткіші тіркелді.

1875288
Тамыз айы экспорты

Тамыз айында Түркиядан 21 миллиард 3 миллион долларлық экспорт жасалды.

Түрік экспорты тамыз айындағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Газиантепте кездесу жүргізген Сауда министрі Мехмет Муш жылдың алғашқы 8 айында 165 миллиард 6 миллион долларлық экспорт жасалғанын айтты.

Министр Муш Түркияның 2021 жылы экспортта қол жеткізген табысын 2022 жылдың алғашқы 8 айында жалғастырғанын атап көрсетті.

«Тамыз айында экспортымыз өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 13 пайызға артып, 21,3 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш біз осы уақытқа дейін жүзеге асырған тамыз айындағы ең жоғары экспорт көрсеткіші» деді ол. 



Ұқсас жаңалықтар