Еуропада табиғи газ бағасы 28,6 пайызға өсті

Еуропада табиғи газдың мегаватт-сағатына бағасы шамамен 28,6 пайыз өсіп, 283,20 еуроға жетті.

1870887
Еуропада табиғи газ бағасы 28,6 пайызға өсті

Еуропада 15 тамыз күні 220,11 еуродан сатылған табиғи газдың мегаватт-сағатына бағасы бүгін шамамен 28,6 пайыз өсіп 283,20 еуроға жетті.

Еуропада орталығы Нидерландыда орналасқан виртуалды табиғи газ сауда бөлімі болып табылатын TTF-те сатылатын қыркүйек айындағы фьючерстерге арналған газ келісімшартының бағасы бүгін мегаватт-сағат үшін 266,75 еуро деңгейінде ашылды.

Өткен апта дүйсенбі күні 220,11 еуродан жабылған табиғи газдың мегаватт-сағат бағасы бүгін 283,20 еуродан сатылды. Осылайша, бір аптада көгілдір отынның мегаватт-сағат бағасы 28,6 пайызға өсті.

Ресей табиғи газын Еуропаға тасымалдайтын «Солтүстік ағын» құбыр желісі арқылы табиғи газ тасымалдауы 31 тамыз бен 2 қыркүйек күндері аралығында тоқтатылатыны туралы мәлімдеме бағаның көтерілуіне әсер етті.

Сонымен қатар Еуропадағы ыстық жаз маусымына байланысты өзендердің құрғауы және жеткізілім тапшылығы бар аймақтарда сұраныстың артуы да бағаның қымбаттауына әкелді.



Ұқсас жаңалықтар