Криптовалютамен алғашқы импорт

Иран - криптовалюта ең көп өндірілетін елдердің бірі.

1865670
Криптовалютамен алғашқы импорт

Иран криптовалютамен 10 миллион долларлық бірінші импорттық операцияның сәтті аяқталғанын хабарлады.

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігіне қарасты Сауданы дамыту ұйымының басшысы Алиреза Пейманпак Twitter-дегі парақшасында жариялаған хабарламасында елінің криптовалютамен сауданы кеңейтуді қалайтынын айтты.

Алиреза Пейманпак «Осы аптада криптовалюта арқылы 10 миллион долларды құрайтын алғашқы ресми импорттық тапсырысты тіркеу сәтті аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін белгілі елдермен сыртқы саудада криптовалюталар мен смарт келісімшарттар кеңінен қолданылады” деді.

Сауданы дамыту ұйымының басшысы 10 қаңтарда Орталық банкпен халықаралық саудада криптовалютаны пайдалану туралы келісімге келгендерін білдірген еді.

Тегеранның халықаралық саудада криптовалюталарды қолдану ниетінің негізгі мақсаты АҚШ салған біржақты санкцияларды айналып өту деп есептеледі. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп кезінде салынған біржақты банктік санкцияларға байланысты Иран халықаралық саудада долларға негізделген операцияларды жасай алмады.

Иран - криптовалюта ең көп өндірілетін елдердің бірі.



Ұқсас жаңалықтар