«Lufthansa» авиакомпаниясының қызметкерлері үшін келісімге келді
20 мың жерүсті қызметкерінің жалақысын арттыру туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Германияның «Lufthansa» авиакомпаниясы мен «Верди» кәсіподағы қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы келісімге келді.
Мәлімдемеде шамамен 20 мың жерүсті қызметкерінің жалақысын арттыру туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.
Қызметкерлерге 2022 жылдың 1 шілдесін қоса алғанда, 200 еуро көлемінде тұрақты айлық жалақы төленеді, ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы 2,5 пайызға өседі.
Ұжымдық келісім 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.
«Lufthansa» менеджерлерінің бірі Майкл Ниггеман да қызметкерлер үшін жақсы шешім табылғанына риза екенін білдірді.
27 шілдеде «Верди» кәсіподағының шақыруы бойынша «Lufhansa» компаниясының жердегі қызметкерлері ереуілге шықты және елдің ең маңызды әуежайлары Мюнхен және Франкфурт әуежайлары жабылған еді.
Ереуіл кезінде 1000-нан астам рейс тоқтатылып, 134 000 жолаушы зардап шекті.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға келген шетелдіктер саны артты
Қазан айында Түркияға келген шетелдік азамат саны 4,99 миллион болды.

Еуразия туризм және денсаулық жәрмеңкесі басталды
Еуразия туризм және денсаулық жәрмеңкесі Стамбул жәрменке орталығында есігін ашты.