Стамбул әуежайы Еуропа үздігі болды

Стамбул әуежайы еуропалық әуежайларда қызметкерлердің жетіспеушілігінен «дағдарыс» болып жатқан кезде табысын жалғастырды.

1862718
Стамбул әуежайы Еуропа үздігі болды

Еуропалық әуежайларда қызметкерлердің  жетіспеушілігінен «дағдарыс» болып жатқан жазғы кезеңде Стамбул әуежайы рейстер және жолаушылар санымен Еуропаның үздігі орнын бекемдеді.

Маусым айында 5 миллион 996 мың жолаушыны қабылдап, Еуропа әуежайлары арасында бірінші болған Стамбул әуежайы Еуропадағы Әуе қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) 22-28 шілде аралығындағы статистикасына сәйкес, күнделікті орташа 1327 рейспен Еуропада ең көп рейске қол жеткізген әуежай болды.

Стамбул әуежайы еуропалық әуежайларда қызметкерлердің жетіспеушілігінен «дағдарыс» болып жатқан кезде табысын жалғастырды.

Еуропа Халықаралық  әуежайлар кеңесінің (ACI Europe) директоры Оливье Янковец Стамбул әуежайы коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індеті басталған 2020 жылдан бері Еуропадағы ең үлкен ұшу орталықтарының көпшілігінен асып түскенін айтты.

Янковец бұл табысқа Ковид-19 кезеңінде қабылданған шаралардың, сондай-ақ Түркияның үлкен және күшті ішкі нарыққа ие болуының арқасында қол жеткізгенін білдірді.

Оливье Янковец: «Түрік Әуе Жолдары заманауи қондырғыларымен, сапалы инфрақұрылымымен, кең ауқымды қызметтерімен және ұшу желісімен шынымен жаһандық әуе компаниясы ретінде Стамбул әуежайын күшейтіп келеді» деп көрсетті.

Түрік Әуе Жолдарының Басқарма және Атқару комитетінің төрағасы Ахмет Болат тіркелу орындары, багажды жеткізу процестері, әуе көліктерінің тұрағы мен такси мүмкіндіктері, сондай-ақ қонақтарға саяхаттың әр кезеңінде оңайлық жарату жолаушылардың Стамбул әуежайын таңдау басымдылығын арттырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар