Түркияның бал экспорты артты

Бал ең көп экспорттаған елдер АҚШ, Германия және Испания болды.

1860245
Түркияның бал экспорты артты

Түркияның бал экспорты бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайыз артты.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар қауымдастығының деректерінен жиналған ақпаратқа сәйкес 2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде 46 елге 8 мың 892 тонна бал экспортталды.

Бұл экспорттан 23 миллион 829 мың 670 доллар кіріс кірді.

Биылғы алғашқы 6 айлық экспорт 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 134 пайызға, құндық жағынан 75 пайызға артып, 3 мың 800 тонна бал экспортынан 13 миллион 597 мың 813 доллар кіріс кірді.

Бал ең көп экспорттаған елдер АҚШ, Германия және Испания болды.



Ұқсас жаңалықтар