Еуропа Түркия шайын ішуде

Еуропа елдеріне жылдың бірінші жартысында Түркиядан 97 елге 3 мың 652 тонна шай экспорт етілді.

1856798
Еуропа Түркия шайын ішуде

Жылдың қаңтар-маусым айларында Түркиядан 97 елге, әсіресе Еуропа құрлығындағы елдерге шай экспортталды.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар қауымдастығы жариялаған жинаққа қарағанда жылдың бірінші жартысында Түркиядан 97 елге 3 мың 652 тонна шай экспорт етілген.

Осы экспорттан 12 миллион 234 мың 737 доллар кіріс кірді.

2022 жылдың алғашқы 6 айында экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 41 пайыз, құндылығы жағынан 19 пайыз артты. 2 мың 585 тонна шай саудасынан 10 миллион 277 мың 186 доллар пайда түсті.

Бельгия, Ұлыбритания және Германия ең көп экспорт жасаған үш ел болды.

Өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда айырмашылығы биыл шай Камерун, Гамбия, Эритрея, Кения, Эстония және Майотта елдеріне де экспорт етілді.



Ұқсас жаңалықтар