Вьетнам Әуе жолдарымен келісім жасалды

THY мен Вьетнам әуе жолдары екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

1856681
Вьетнам Әуе жолдарымен келісім жасалды

Түрік Әуе жолдары (THY) мен Вьетнам Әуе жолдары арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

THY баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеде THY мен Вьетнам әуе жолдарының 18 шілдеде Англияда басталған «Фарнборо» әуе көрмесінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны білдірілді.

Бұл келісім елдер арасында тиісті байланыстарды құрумен қатар Вьетнам, Түркия, Еуропа және Таяу Шығыс аймақтары арасындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік қатынастарды жеделдетеді.

Мәлімдемеде “Қол қойылған келісімге сәйкес, Түрік Әуе жолдары және Вьетнам Әуе жолдары Ханой/Хошимин-Стамбул арасындағы рейстерде кодшеринг серіктестік бойынша жұмыс істей отырып, жолаушылар мен жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Осылайша қонақтарға екі авиакомпанияның желілерінде жаңа мүмкіндіктер беріледі. Сонымен қатар 2023 жылы күшіне енетін кодшеринг серіктестігі жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықта көбірек мүмкіндікке жол ашады деп күтілуде” деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар