Анталия әуежайы рекорд жаңалады

Көлік және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу Құрбан айттың бірінші күні Анталия әуежайында рекорд жаңаланғанын айтты.

1854243
Анталия әуежайы рекорд жаңалады

Көлік және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу Құрбан айттың бірінші күні Анталия әуежайында 1034 ұшақ қозғалысымен рекорд жаңарғанын айтты.

Адил Караисмайлоғлу жазбаша мәлімдемесінде Құрбан айт үшін берілген 9 күндік демалыс себепті Анталия әуежайының жанданғанын білдірді.

Туризм орталығы болған Анталия әуежайына туристер ағылғанын айтқан Адил Караисмайлоғлу мыналарды бөлісті:

«2 шілдеде Анталия әуежайында 1026 ұшақ қозғалысымен рекорд жаңаланды. Бұл рекордты Құрбан айттың бірінші күні өайта жаңарттық. 9 шілдеде 121-і ішкі желіде және 913-і халықаралық желіде, барлығы 1034 әуе рейсінің қозғалысына қызмет көрсетілді. Осылайша, пандемиядан кейінгі ең жоғары көрсеткішке жету арқылы рекорд жаңарды. Сол күні жолаушы тасымалы ішкі желіде 19 мың 66, халықаралық бағытта 163 мың 84 жолаушымен жалпы 182 мың 150-ге жетті."



Ұқсас жаңалықтар