Каппадокия туристерді қызықтыруда

Каппадокияның көркем көріністерін маусым айында 381 мың 761 турист тамашалады.

1852779
Каппадокия туристерді қызықтыруда

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Каппадокия маусым айында 381 мың 761 туристі күтіп алды.

Неушеһир Уәлаят әкімшілігінің мәлімдемесінде пері мұржалары мен табиғи жартас ескерткіштеріне толы қойнауларымен бірге жартастан ойылған шіркеу, ғибадатханалар мен манастырлары, жер асты қалалары мен түрліше туристтік іс-шараларымен Каппадокия жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударып,маусым айында 381 мың 761 турист келгені білдірілді.

Мұражайлар арасында Зельве қала қалдықтары 102 мың 258 адаммен ең көп келушілерді жинаған орын болды.

Гөреме ашық аспан астындағы мұражайын 99 мың 737 турист, Каймаклы жерасты қаласын 54 мың 247 турист тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар