Түркияның экспорты артты

Түркияның экспорты осы жылдың қаңтар-маусым кезеңінде 11,4 миллиард долларға жетті.

1852608
Түркияның экспорты артты

Осы жылдың қаңтар-маусым кезеңінде Түркияның көршілері Болгария, Грузия, Ирак, Иран, Сирия және Грекияға экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 25,4 пайыз артып, 11,4 миллиард долларға жетті.

Сауда министрлігі және Түркия экспорттаушылар мәжілісінің санақтарына қарағанда, осы жылдың алғашқы 6 айында Түркияның экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 20 пайыз артып, 126 миллиард долларға ұласты. Сонымен қатар көршілеріне де экспорттын арттырды.

Түркия қаңтар-маусым кезеңінде Болгария, Грузия, Ирак, Иран, Сирия және Грекияға 11 миллиард 448 миллион 927 мың долларлық экспорт жасады.  

Аталмыш ақша саны өткен жылдың бірдей мезгілінде 9 миллиард 131 миллион 940 мың доллар деңгейінде еді. Осылайша бұл елдерге жасалған экспорт осы жылдың алғашқы 6айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 25,4 пайыз артты.  

Аталмыш кезеңде ең көп экспорт 4 миллиард 837 миллион 698 мың доллармен Иракқа жасалды.



Ұқсас жаңалықтар