Нигерияда шикі мұнай ұрлығы артты

Нигерия шикі мұнай ұрлығы салдарынан жылдың алғашқы 6 айында 1,4 миллиард доллар шығынға ұшырағанын хабарлады.

1852021
Нигерияда шикі мұнай ұрлығы артты

Африка құрлығының мұнай және табиғи газға бай елі Нигерия шикі мұнай ұрлығы салдарынан жылдың алғашқы 6 айында 1,4 миллиард доллар шығынға ұшырағанын хабарлады.

Нигерия мұнай өндіруді реттеу комиссиясының (NUPRC) төрағасы Гбенга Комолафе жалғасып жатқан шикі мұнай ұрлығының ел экономикасына қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Комолафе 2022 жылдың бірінші жартысында өндірілген 141 миллион баррель мұнайдың 132 миллион баррелін экспорттық терминалдардан сатып алуға болатынын атап өтті.

Гбенга Комолафе «Бұл шикі мұнай ұрлығы салдарынан 9 миллион баррельден астам мұнай жоғалғанын көрсетеді. Егер бұл үрдіс тоқтатылмаса, онда Нигерия экономикасына қауіп төндіреді» деп көрсетті.

Гбенга Комолафе қаңтар-маусым айларында мұнай ұрлығы салдарынан 1,4 миллиард доллар шығынға ұшырағанын атап өтті.

Нигерияда 200-ден астам заңсыз мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Соңғы екі аптада елде ұрланған 3,8 миллион литр шикі мұнай тәркіленді.

Шикі мұнай өндіруде әлемдегі алғашқы 15 елдің қатарына кіретін Нигерия  әлемде ең көп резерв бойынша 8-ші, мұнай экспорты бойынша 6-шы ел.



Ұқсас жаңалықтар