Түркияның мамырдағы экспорты артты

Мамыр айындағы экспортта Германия бірінші орынды иеледі.

1850255
Түркияның мамырдағы экспорты артты

Түркияның экспорты мамыр айында өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 15.3 пайыздық артумен 18 миллиард 984 миллион долларға жетті.

Түркия Статистика ұйымы мен Сауда министрлігі селбестігімен мамыр айына байланысты сыртқы сауда мәліметтері жарияланды.

Санаққа қарағанда Жалпы Сауда жүйесі аясында экспорпт мамыр айында өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 15.3 пайыздық артумен 18 миллиард 984 миллион долларға жетті.

Мамыр айындағы экспортта Германия бірінші орынды иеледі. Германияға 1 миллиард 492 миллион долларлық экспорт жасалды.

АҚШ-қа 1 миллиард 273 миллион долларлық экспорт жасалып, екінші болды.

Иракқа 978 миллион долларлық, Италияға 953 миллион, Біріккен Араб Әмірліктеріне 911 миллион долларлық экспорт жасалды.



Ұқсас жаңалықтар