Эльвира Набиуллина: «Экономикамыздағы жағдай күрделі»

Ресей Орталық банкінің төрайымы Эльвира Набиуллина Ресей экономикасын бағалады.

1844473
Эльвира Набиуллина: «Экономикамыздағы жағдай күрделі»

Ресей Орталық банкінің төрайымы Эльвира Набиуллина қазір ел ретінде халықаралық жұмыс күшін жоғалта бастағандарын, өйткені экспортты жеңілдікпен, ал импортты жоғары бағадан жасағандарын атап көрсетті.

Набиуллина Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде ел экономикасына баға берді.

Ресей экономикасындағы жағдайдың «күрделі» екеніне тоқталған Набиуллина «Жағдай жылдам өзгеруде. Бұл өзгерістерге тез жауап қайтарып, бейімделуіміз керек» деді.

Набиуллина жағдайдың енді бұрынғыдай болмайтынын атап «Бұрынғыдай ештеңе болмайтынын бәрі біледі. Сыртқы жағдай ұзаққа созылмаса да, айтарлықтай өзгерді. Қазіргі уақытта біз ел ретінде халықаралық жұмыс күшін жоғалта бастадық, өйткені экспортымыз арзандап, импортымыз көбейді» деді.

Экспорттың валюталық түсімдер себепті негізгі қайнар ретінде қарастырылғанын айтқан Ресей Орталық банкінің төрайымы «Менің ойымша, біз экспорттың артықшылықтарын қарастыруымыз керек. Егер экспорттық кіріспен импортты жүзеге асыру мүмкін болмаса, біз өндірісіміздің айтарлықтай бөлігін ішкі нарыққа бағыттау керектігін ойлануымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар