Еуропадағы көптеген жобада түрік мердігерлерінің қолтаңбасы бар

Адил Караисмаилоғлу Түркияның инвестициялар нәтижесінде әлемде логистикалық супер күш болатынын атап көрсетті.

1842911
Еуропадағы көптеген жобада түрік мердігерлерінің қолтаңбасы бар

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның инвестициялар нәтижесінде әлемде логистикалық супер күш болатынын атап көрсетті.  Караисмаилоғлу Түркияның логистикалық супер күш болу жолында алға қарай ілгеріленін, сондай-ақ Орталық Азия және Еуропа арасында күшті бір логистика және өндіріс базасына айналғанын және маңызды жауапкершіліктерді мойнына алғанын айтты.

Караисмаилоғлу Словенияның Копер қаласында ұйымдастырылған  «Млинаржи туннель бірлесу» рәсіміндегі сөзінде Түркияның мердігерлік болып қызмет секторында дамыған бір инфрақұрылымғы және мол тәжірибеге ие екенін айтты.

Адил Караисмаилоғлу «Түркияның әсіресе 2003 жылынан осы таңға дейін жұмыс көлемі барған сайын артты. Осы барыста 131 елде 450 миллиард долардан астам жиыны 11 мың жоба жасады. Түрік мердігерлік фирмалары Еуропада автожол, туннель, көпір, темір жолы сынды мөлшермен 200 инфрақұрылым жобасын жүзеге асырған» деген сөздер қолданды.

Словениядағы көптеген жобада түрік мердігерлерінің қолтаңбасының болғанын түсіндірген Караисмаилоғлу Словениямен жасалған ынтымақтастықтың екі ел және екі ел халқының болашағы үшін өте маңызды екенін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар