Түрік әуе жолдары Түркияның "Ең құнды маркасы" болды

Brand Finance-нің зерттеуі бойынша арт-артынан 5-ші рет Түркияның "Ең құнды маркасы" болды.

1839986
Түрік әуе жолдары Түркияның "Ең құнды маркасы" болды

Түрік әуе жолдары Халықаралық марка құнын бағалау ұйымы Brand Finance-нің зерттеуі бойынша арт-артынан 5-ші рет Түркияның "Ең құнды маркасы" болды.

 Brand Finance-нің 2022 жылғы "Түркияның ең құнды маркалары" зерттеуі тамамданды. 

Түрік әуе жолдары баспасөз басқармасынан жасалған мәлімдемеде тізімде бірінші орынды 2018, 2019, 2020 және 2021 жылдарында болғандай Түрік әуе жолдарының иелегені білдіріліп, Түрік әуе жолдарының марка құнының 1,6 миллиард доллар ретінде тіркелгені баяндалды. 

Мәлімдемеде жаһандық авиация индустриясына зиян тигізген жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің ықпалына қарамастан Түрік әуе жолдарының арт-артынан үлкен табыстарға қол жеткізгені атап өтілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар