Ресейге қарсы 6-шы санкция пакеті күн тәртіпте

Еуропа Одағы мүше елдерінің лидерлері Ресейге мұнай санкция жасау тақырыбында келісімге барды.

1835066
Ресейге қарсы 6-шы санкция пакеті күн тәртіпте

Еуропа Одағы мүше елдерінің лидерлері Ресейден мұнай импортының осы жылдың аяғына дейін 90 пайызға дейін тыйым салатын 6-шы санкция пакеті жайында келісімге барды. 

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Бельгияның астанасы Брюссельде өткізілген Еуропа Одағы лидерлер саммитінде Украинаға 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан шабуыл себепті Ресей мұнайына санкция салу тақырыбында келісімге барғанын хабарлады, 

Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік парақшасындағы мәлімдемесінде "Бұл келісім Ресейден Еуропа Одағына мұнай импортын осы жылдың аяғына дейін мөлшермен 90 пайыз азаяды" деп көрсетті. 

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Twitter парақшасындағы мәлімдемесінде көлем жағынан түрлі деңгейде болып, Ресейден мұнай импортын азайтатынын білдірді. 

Мишель Еуропа Одағы лидерлері келіскен 6-шы санкция пакетінде Ресейдің ең үлкен банктерінен Sberbank-тың ақша трансфері жүйесі SWIFT-тен шығарылуының да орын алғанын баяндады. 

Чарльз Мишель Еуропа Одағының Украинаға 9 миллиард евро тарту етуге дайын екенін және Украинаның қайтадан салынуына қолдау көрсететіндерін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар