Отандық генератор өндірісі бастады

Министр Фатих Дөнмез: "Тағы бір сүйінші берейін. Отандық және ұлттық генератор өнімдерінде жаппай өндірісті бастадық" деді.

1832541
Отандық генератор өндірісі бастады

Энергетика және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез Түркияның отандық және ұлттық генератор өнімдерінде жаппай өндірісті бастағанын мәлімдеді.

Министр Фатих Дөнмез астана Анкарада сөйлеген сөзінде Электр энергиясын өндіру акционерлік қоғамының отандық және ұлттық энергетикалық технологияларды дамыту үшін маңызды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізетініне назар аударып:

"Түркияның отандық және ұлттық генератор өнімдерінде жаппай өндірісті бастағаны сүйіншісін берген едік. Енді тағы бір сүйінші берейін. Отандық және ұлттық генератор өнімдерінде жаппай өндірісті бастадық" деді.

Министр Фатих Дөнмез:

"Электр энергиясын өндірудің тағы екі маңызды құрамдас бөлігі – турбиналық және басқару жүйелерін локализациялауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Турбинаның дизайнын аяқтадық. Жақында бірінші отандық турбина өндірісін бастаймыз. Біздің алғашқы отандық турбинамыз және жаппай өндіріспен шығаратын алғашқы отандық генераторымызды Сакария өзеніндегі Хасан Полатқан Су электр станциясында қолданамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар