Ресей Финляндияға газ бермейді

Газумның газ жеткізу келісімшарты бойынша Финляндияға табиғи газ айдауды 2022 жылдың 21 мамыр сенбі күні сағат 07:00-де (Түркия уақытымен) тоқтататыны білдірілді.

1829871
Ресей Финляндияға газ бермейді

Ресей бүгіннен бастап Финляндияға газ беруді тоқтатты.

Финляндияның Ұлттық газ таратушысы Gasum-ның мәлімдемесінде:

"Ресейлік «Газпром» энергетикалық компаниясының еншілес кәсіпорны «Газпром Экспорт» «Газумның газ жеткізу келісімшарты бойынша Финляндияға табиғи газ айдауды 2022 жылдың 21 мамыр сенбі күні сағат 07:00-де (Түркия уақытымен) тоқтататынын хабарлады" деп көрсетілді.

Газумның атқарушы директоры Мика Вильянен тақырып жайлы бағалауында Ресейден табиғи газбен қамдаудың тоқтауы "ерекше өкінішті" екенін айтып:

"Осы жағдайға дайындалып жатырмыз. Газ айдау құбырларында қиыншылық болмаса, алдағы айларда барлық алушыларымызды газбен қамдаймыз" деді. 

Табиғи газ қажетінің толығын Ресейден импортпен қамдайтын Финляндияның Мәскеумен 2031 жылға дейін газ алу келісімі бар.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдемесінде «Газпром» энергетикалық компаниясының саудасы жайлы толық білмейтінін айтып:

"Алайда ешкімге ақысыз газ бермейміз" деген болатын. 

Ресейдегі ең ірі электр энергиясын өндіру және таратушы компаниясы Inter РАО да өткен аптада төлемді ала алмағаны сылтауымен Финляндияға бұдан былай электр энергиясын бермейтінін жариялаған.



Ұқсас жаңалықтар