Шетелдіктер Түркиядан үй алып жатыр

Стамбулда 2 мың 564 дана тұрғын үй сатылды.

1828215
Шетелдіктер Түркиядан үй алып жатыр

Түркияда шетелдіктерге тұрғын үй сату сәуір айында былтырғы сәуір айымен салыстырғанда  58.1 пайыз артты.

Түркия Статистика мекемесінің санағына қарағанда Түркия көлемінде үй саудасы 2021 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 38.8 пайыз артып, 133 мың 58-ге жетті.

Шетелдіктерге тұрғын үй сату сәуір айында былтырғы сәуір айымен салыстырғанда  58.1 пайыз артып, 6 мың 447-ге көбейді.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда үй саудасында Стамбул бірінші орынды иеледі. Стамбулда 2 мың 564 дана тұрғын үй сатылды. Стамбулдан кейін 1970 үймен Анталия екінші, 333 үймен астана Анкара үшінші орынға көтерілді.

Шетелдіктерге тұрғын үй сату қаңтар мен сәуір айында былтырғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда  48.9 пайыздық артумен 20 мың 791-ге көбейді.

Түркиядан ең көп үйді Ресей Федерациясы азаматтары сатып алды. Ресей Федерациясы азаматтары Түркиядан сәуір айында 1152 үй сатып алды. Ресейден кейін Иран азаматтары 905 үй, Ирак азаматтары 714 үй сатып алумен тіркелді.

 



Ұқсас жаңалықтар