Орыс мұнайы арзандады

Ресей Қазына министрлігінен жасалған мәлімдемеде Орал мұнайының баррелінің сәуірде 70.5 долларға сатылғаны хабарланды.

1822020
Орыс мұнайы арзандады

Ресейлік Орал мұнайының баррель бағасы сәуірде наурыз айымен салыстырғанда 20.8 пайыздық төмендеумен 70.5 долларға түсті, Brent маркалы мұнаймен салыстырғанда 33 пайызға арзан бағаға сатылды.

Ресей Қазына министрлігінен жасалған мәлімдемеде Орал мұнайының баррелінің сәуірде 70.5 долларға сатылғаны хабарланды.

Ресейлік Орал мұнайының баррелінің бағасы наурыз айында 89 доллар болатын, сәуірде 20.8 пайыздық төмендеумен 70.5 долларға төмендеді. 105 долларлық Brent маркалы мұнаймен салыстырғанда 33 пайыздық арзан бағамен сатылды.

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австралия және Канада сияқты елдер 24 ақпанда басталған Украинадағы соғыс себепті орыс мұнай импортын тоқтатты, Еуропа Одағы да Ресейден мұнай экспортына санкция жасауды жоспарлауда.

Батыстың көптеген энергия компаниясы Ресеймен мұнай саудасын тоқтатуға шешім қабылдады.

Орыс лауазымдылар батыс елдерінің осы қадамдары себепті әсіресе Азия нарқына бағытталған мұнай экспортын арттыру ниетінде.



Ұқсас жаңалықтар