Ресейден мұнай импорты шектеледі

Урсула фон дер Ляйен "Ресей-Украина соғысының Еуроодақтағы экономикалық және әлеуметтік нәтижелері" атты отырыста сөз сөйледі.

1821943
Ресейден мұнай импорты шектеледі

Еуропа Одағы комиссиясы Ресейден мұнай импортын шектейтін жаңа санкцияларды ұсыныс етті.

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Парламентінің  Жалпы Кеңесінде 24 ақпаннан бері жалғасқан "Ресей-Украина соғысының Еуроодақтағы экономикалық және әлеуметтік нәтижелері" атты отырыста сөз сөйледі.

Ресейге қарсы жоспарланған жаңа санкциялар пакетінің мазмұнын жариялаған Урсула фон дер Ляйен:

"Бүгін алтыншы санкция пакетін ұсындық" деді.

​​​​​​​Урсула фон дер Ляйен пакет аясында Украинаның Буча аймағында соғыс қылмысын жасаған және Мариуполь қаласын қоршаған жоғары дәрежелі офицерлер мен басқа да кісілерді санкция тізіміне енгізгендерін айтты.

​​​​​​​Урсула фон дер Ляйен:

"Ресейдің ең үлкен банкі Сбербанк және басқа екі ірі банкті  валюта аударымынан (SWIFT) шығарамыз" деді.

Орыс үкіметіне қарасты 3 телеарнаның таралымын шектейтіндерін айтқан ​​​​​​​Урсула фон дер Ляйен осы ұйымдардың Еуропа Одағы елдеріндегі барлық іс-шараларына рұқсат берілмейтінін хабарлады.

​​​​​​​Урсула фон дер Ляйен Ресейден шикі мұнай алу 6 ай ішінде және тазартылған өнімдермен қамдау жылдың соңына дейін сатылы түрде тоқтайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар