Қытай онлайн сауда платформасында түрік брендтері

PtteM Қытайдағы ең ірі онлайн сауда платформаларының бірінде электронды дүкен ашты.

1820937
Қытай онлайн сауда платформасында түрік брендтері

PTT (Почта және телеграф ұйымының бас дирекциясы) еншілес кәсіпорны PtteM Қытайдағы ең ірі онлайн сауда платформаларының бірінде электронды дүкен ашты.

Жаңадан ашылған электронды дүкенде түріктің 8 бренді өз орнын алып үлгерді. Электронды дүкен экспортқа үлес қосады деп күтілуде.

Қытай - көлемі 2 триллион доллардан асатын әлемдегі ең үлкен электрондық коммерция нарығы. Елде 970 миллион интернет пайдаланушысы бар.

PtteM дүкені орналасқан jd.com платформасында 350 миллионнан астам белсенді пайдаланушы бар.

Түрік компаниялары бұл платформадан қосымша инвестиция салмай-ақ пайда таба алады. Трансшекаралық электрондық коммерция импорт процесін және қытайлық тұтынушыға қол жеткізуді жеңілдетеді.

Қытайда PtteM ашқан электронды дүкен түрік экспортшыларына Қытай нарығында белсендірек болу мүмкіндігін ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар