Украина АҚШ-тан 2 миллиард доллар сұрады

Джо Байден Украинаға 800 миллион доллар қорғаныс, 500 миллион доллар экономикалық салада жалпы 1.3 миллиард долларлық қосымша жәрдем берілетінін жариялады.

1817932
Украина АҚШ-тан 2 миллиард доллар сұрады

Украина Америка Құрама Штаттарынан айда 2 миллиард долларлық экономикалық жәрдем сұрады.

The Washington Post газеті хабарына қарағанда  АҚШ-та лауазымдылармен кездескен Украинаның Қаржы министрі Сергей Марченко елінің шұғыл қажетін қамдау мақсатымен маусым айына дейін 2 миллиард долларды АҚШ-тың беруін,  жалпы 5 милллиард долларлық халықаралық жәрдемнің берілуін сұрағаны білдірілді.

Сергей Марченко газетке берген сұхбатында қажетті қаржымен қамдау және соғыста жеңу үшін шұғыл қаржы қажет екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский де Халықаралық Ақша қорының  Дүниежүзілік банкінің көктемгі кездесулері аясындағы жиналыста Ресей шаубылы себепті экономикалық шығындарды қамдау мақсатымен Украинаға айлық 7 миллиард доллар қажет екенін айтқан болатын.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен өткен апта баспасөз жиналысында Байден әкімшілігінің Конгрестен Украинаға қосымша жәрдем сұрауға дайындалғанын жеткізген.

АҚШ соғыс басталғаннан бері Украинаға бір миллиард доллар жәрдем берді.

Президент Джо Байден Украинаға 800 миллион доллар қорғаныс, 500 миллион доллар экономикалық салада жалпы 1.3 миллиард долларлық қосымша жәрдем берілетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар