Анталияға бір миллион турист келді

Анталияға 1 қаңтар мен 23 сәуір арасында әуежолымен келген турист саны бір миллион 18 мың 246 кісіге жеткені білдірілді.

1817185
Анталияға бір миллион турист келді

Әлемнің маңызды туризм орталықтарының бірі Анталияға әуежолымен келген турист саны 23 сәуірде бір миллионнан асты.

Теңізі, құмы, күн нұрымен бірге тарихи және табиғи көркемдігімен төңіректің төрт бұрышындағы туристерді өзіне баураған Анталия жылдың барлық маусымында қонақ күтуге дайын.

Коронавирусқа қарамай Жерорта теңізі жағалауындағы бәсекелестеріне қарағанда тіпті көп шетелдік туристі күтіп алған Анталия 2022 жылға да көңілді бейнемен бастады.

Анталия Уәлаяты Мәдениет және туризм басқармасының санағына қарағанда 1 қаңтар мен 23 сәуір арасында әуежолымен келген турист саны бір миллион 18 мың 246 кісіге жеткені білдірілді.

Өткен жылы індетпе байланысты 9 миллион турист келген Анталияда туризм маусымы биыл жанды бастады. Өткен жылмен салыстырған 147 пайыз арту көрсетті. Сәуір айындағы арту 245 пайызға жетті.

Анталия қаласында туризм жандылығы жалғасуы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар