Жапония Ресейден импортқа тыйым салды

Ресейге түрлі секторларда 38 өнімге импорт тыйымын салды.

1815040
Жапония Ресейден импортқа тыйым салды

Жапония Украинаға соғыс бастаған Ресейге түрлі секторларда 38 өнімге импорт тыйымын салды.

Жапон үкіметі Украинада соғыс жүргізген Ресейдің бизнес әлеміне ауқымды санкциялар енгізді. Осы шешімге сай алкогольді ішімдіктер, ағаш өнімдері мен электрмен істейтін машиналардың импортына тыйым салынды. Импортына тыйым салынған өнімдердің Жапонияның 2021 жылы Ресейден импортының 1,1 пайызына дөп келетіні айтылды.

Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі аталмыш өнімдерде балама роталар таңдалатынын хабарлады. Кабинет бас хатшысы Матсуно Хироказу халықаралық санкциялардың орыс экономикасына деген әсерінің сезіле бастағанын білдірді. Ол «Жапония дағдарыстың асқынуының алдын алу және бітім жасалуы үшін халықаралық қоғаммен бірге Ресейге қатаң санкциялар жүргізеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар