Илон Маск Twitter-дің барлығын сатып алғысы келеді

Илон Маск Twitter-ді 41 миллиард долларға сатып алу жөнінде ұсыныс жасады.

1812402
Илон Маск  Twitter-дің барлығын сатып алғысы келеді

Америка Құрама Штаттарында электрмен жүретін автомобиль өндірушісі Tesla-ның құрушысы Илон Маск Twitter-ді 41 миллиард долларға сатып алу жөнінде ұсыныс жасады. 

Бұдан бұрын Twitter-де 9,2 пайыздық акцияны сатып алған Маск Америка жылжымайтын мүліктер және биржа комиссиясына жасаған мәлімдемесінде Twitter-дің барлығы үшін әрбір акцияға 54,2 доллардық ұсыныс жасағанын білдірді. Осылайша фирманың жалпы құны мөлшермен 41 миллиард долларға тура келеді. 

Маск Twitter басқару алқасы төрағасы Брет Тейлорға жазған хатында Twitter-ден акция алғаннан бері фирманың қазіргі жағдайы бойынша дамымайтынын түсінгенін білдірді. 

Илон Маск аталмыш сатып алу ұсынының ең жақсы және ең соңғы ұсыныс екенін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар