Toyota Motor компаниясы 11 зауытын уақытша жапқанын хабарлады

Компания жер сілкінісінде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

1798009
Toyota Motor компаниясы 11 зауытын уақытша жапқанын хабарлады

Toyota Motor компаниясы Жапонияның солтүстік-шығысындағы 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін өзінің 11 зауытын уақытша жапқанын хабарлады.

Компания лауазым иелері сәрсенбі күні кешке болған қатты жер сілкінісінде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Мәлімдемеге сәйкес, Toyota жер сілкінісінен кейін солтүстік-шығыстағы Ивате, Мияги және Фукусима сияқты қалаларда ел бойынша 15-тен астам өндірістік желілердің жұмысын тоқтатты.

Тойота мен оның еншілес компанияларының өндірісіне 80 пайыз деңгейінде әсер ететін тоқтату әрекетінің 3 күнге созылатыны хабарланды.

Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:36-да болған 7,4 балдық жер сілкінісінде 3 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар